Бас имам «Аталар мектебі — тәрбие негізі» атты семинарда баяндама жасады
«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық Мәдениет үйінде «Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты семинар өтті.
Алғы сөзді алған Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы «Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты тақырыпта баяндама оқып, қазақтың дүниетанымында ата институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.
Екінші болып Талғар ауданының құрметті азаматы, ақын-сазгер Қамнұр Тәлімұлы сөз алып, ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғады.
Ұйғыр аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Ербол Төлендеұлы ағамыз қоғамдағы ақсақалдардың рөлі жайында баяндады.