preloader

Жаңалықтар

БАС ИМАМ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

БАС ИМАМ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Алматы облысының өкіл имамы Қонаев қаласы «Қапшағай» мешітінің бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлы Райымбек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткен деструктивті діни ағымдардан сақтандыруға бағытталған жиналысқа қатысты.

Жиынға ауылдық округ әкімдері, мектептің тәрбиі ісі жөніндегі орынбасарлары, дінтану пәні мұғалімдері, жастар, Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының шекара бөлімшелеріндегі әскери борышын өтеушілер қатысты. «Дәстүрлі емес діни көзқарастардың әскери ортаға еніп кетпеуіне жол бермеудің алдын алу, дәстүрлі емес идеологияны қабылдамау және әскери қызмет етушілердің моральдық-психологиялық төзімдігін қалыптастыру» және «Ислам діні терроризмге қарсы» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.