preloader

Жаңалықтар

Бас имам ерекше балаларды қуанышқа бөледі

Бас имам ерекше балаларды қуанышқа бөледі

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Еңбекшіқазақ ауданына арнайы іс-сапары барысында Есік қаласында орналасқан облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп интернатына барды.

Оқу-ағарту бағыты бойынша жүзеге асқан шара барысында облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы бастаған дін қызметкерлері мекеме тәрбиеленушілерімен кездесіп, 50 балаға арнайы сыйлықтарды үлестіріп, орталықтың қажеттілігі үшін 500 кг ұн табыс етті.

Осы игі шараға үлес қосқан әрбір жомарт жанға Алла Тағала разы болсын. Әмин!