preloader

Жаңалықтар

БАС ИМАМ МҰҚАҒАЛИ МҰРАЖАЙЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ

БАС ИМАМ МҰҚАҒАЛИ МҰРАЖАЙЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ

Алматы облысының өкіл имамы Мадияр Тағайбайұлы Қарасаз ауылындағы Мұқағали Мақатаев әдеби-мемориалды мұражайын зиярат етті.

Қарасаз ауылындағы Мұқағали Мақатаевтың әдеби- мемориалды мұражайы 1991 жылы 4 шілдеде ашылған. Мұражайда экспонаттар бар, негізгі қоры, қосымша қорында құнды жәдігерлер сақтаулы. Негізгі қорында Мұқағали ақынның өзі пайдаланған кітаптар, өлеңдерінің қолжазбалары тағы басқа жеке заттары сақталған. Азан шақырып қойылған аты — Мұхаммедқали қазақ ақындарының ішінде орны ерекше мұзбалақ, ақиық ақын. Өлеңдері арқылы Алланы тану, Пайғамбарды дәріптеуді насихат етті.