preloader

Жаңалықтар

Бас имам шәкірттерді Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Бас имам шәкірттерді Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу курсында тәлім алып жатқан балалармен кездесіп, оларды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Өскелең ұрпаққа қасиетті Құрбан айттың рухын сезіндіру, оларды имандылыққа баулу мақсатында жүзеге асқан шара барысында облыс бас имамы шәкіттерге түрлі тәттілер салынған айттық қоржындарын үлестірді.