preloader

Жаңалықтар

Бас мүфти Алжир Республикасының елшісін қабылдады

Бас мүфти Алжир Республикасының елшісін қабылдады

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алжир Халықтық Демократиялық Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Камал Финишті өз өтініші бойынша қабылдады.

Кездесуде екі елдің арасындағы байланысты арттырудың маңызы сөз болды. Сонымен қатар тараптар жастарға дұрыс діни ақпарат берудің өзектілігі жайлы әңгімелесті. Бас мүфти елшіге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының түрлі бағытта қолға алған жұмыстары жайлы баяндады.

Өз кезегінде Камал Финиш мүфтияттың діни саладағы орны мен рөлі жайлы айрықша атап өтіп, уақыт бөліп, арнайы қабылдаған Бас мүфтиге алғысын білдірді.