Бас мүфти діни сауат ашу орталығын аралады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында Абай Құнанбайұлы мешіті жанындағы діни сауат ашу орталығын аралады.
Бас мүфти діни сауат ашуға ниет еткен жандарды отаншылдыққа тәрбиелеу, дәстүрді ардақтауға баулу мәселесіне назар аударды. Сонымен қатар діни сауат ашу орталығының кітапханасын аралаған Бас мүфти шәкірттерге тарихи танымдық кітаптарды да оқыту қажеттігін айрықша атап өтті.
«Біз өскелең ұрпаққа Ислам құндылықтарын үйретумен қатар, олардың бойына отаншылдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды дәстүрлі құндылықтарымызды да қалыптастыруымыз керек» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.