preloader

Жаңалықтар

Бас мүфти дінтанушы мамандармен кездесті

Бас мүфти дінтанушы мамандармен кездесті

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысының Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, теологтар мен дінтанушы мамандармен кездесті.

Кездесуге сондай-ақ ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл, Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлы, БҚО Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азат Қаратайұлы және аймақтағы терроризмге қарсы комиссия мүшелері, ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты.

Бас мүфти өз сөзінде мүфтияттың діни оңалту бағыты бойынша кешенді жұмыстарды жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.

“ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің мамандары түзеу мекемелеріндегі экстремизм және терроризм бабы бойынша бас бостандығынан айырылған азаматтармен жеке ықпал ету шараларын жүргізіп келеді. 2023 жылдың жарты жылдығы бойынша ҚМДБ қызметкерлері 1603 адамды қамтыған 4091 ықпал ету акциясын өткізді.

Нәтижесінде 167 адам қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімделіп, 59 адам толықтай деструктивті ағым идеологиясынан бас тартты” деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ Төрағасы сонымен қатар Орал өңіріндегі дінтанушылар мен теологтардың ақпараттық-түсіндіру, экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарына қолдау білдірді.