preloader

Жаңалықтар

Бас мүфти орталық мешіттегі «Шебер әйел» қолөнер орталығының жұмысымен танысты

Бас мүфти орталық мешіттегі «Шебер әйел» қолөнер орталығының жұмысымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ашылған «Шебер әйел» қолөнер орталығында қонақ болып, тігін курсын тәмамдап жатқан қолөнер шеберлерімен кездесті.

Аталған орталық 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Орталық Қазақстандағы Біріккен Араб Әмірліктері елшілігі және «UMMET» қоғамдық қорының демеушілігімен 20 тігін машинасымен жабдықталған. Сондай-ақ мешіт тарапынан қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Облыс бас имамы Болатбек Ұласқанұлының айтуынша, курс тегін жүргізіледі.

«Модельер-конструктор, тәжірибелі мамандар тігін үйренуге ниетті кез-келген қыз-келіншектерге екі ай ішінде «әйелдің базалық киімін тігу технологиясы» бойынша тігіннің қыр-сырын үйретеді. Жобаның мақсаты – «балық берме, қармақ бер» демекші, жұмыссыз жүрген қыз-келіншектерге үйде отырып та табыс таба алатын кәсіпті үйрету деп атап өтті бас имам.

ҚМДБ Төрағасы шеберхананы аралап, дайын өнімдер көрмесін аралады. Кейін курсқа қатысуы қыз-келіншектерге тігінге қажетті құрал-жабдықты сыйға тартты.