preloader

Жаңалықтар

Бас мүфти «Қайырымдылық керуені» жобасына қатысты

Бас мүфти «Қайырымдылық керуені» жобасына қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған сапарында «Бекет ата» мешітінде ұйымдастырылған «Қайырымдылық керуені» іс-шарасына қатысты.

Қайырымдылық жобасы аясында 300 отбасыға мәуліт сыйлығы жөнелтілді. Қайырымдылық қорабында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік салынған.

«Біздің бабаларымыз ұрпақтарын әрдайым жақсылық жасауға, өзгеге қол ұшын беруге баулыған. Көршіге көмектесу, жетімге қарайласу, мұқтаж болған кісілерге жәрдем беру, жолда қалғандарға пана болу секілді қайырымды істер халқымызда өмірлік дәстүрге айналған. Сондықтан халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», «Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, адамдықтың белгісі» деп жақсылық жасауға үндеген. Осынау игі дәстүрімізді жаңғыртуға үлес қосқан барша азаматтарға Алла разы болсын деймін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.