preloader

Жаңалықтар

Бас мүфти Қазақстанның Индонезиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Бас мүфти Қазақстанның Индонезиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Индонезия астанасы Жакарта қаласында Қазақстанның осы елдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Сарекеновпен кездесті.

Кездесуде Индонезияның Сурабая қаласында өткен халықаралық іс-шаралар, оңтүстік-шығыс Азиямен басталған әріптестік байланыстарды кеңінен дамыту, екі жақты жасалған бірлескен мәлімдеме аясында жұмыс істеу сөз болды.

Бас мүфти өз кезегінде осы сапарда көрсеткен Елшіліктің қолдауына ризашылығын жеткізіп, Данияр Қабидоллаұлына елден әкелген кәдесый табыстады. Елші Индонезиямен басталған ынтымақтастық жұмыстарға барынша қолдау білдіретінін айтты.