Батыржан Берденұлы имамдарға арналған семинар өткізді
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Берденұлы Мансұров Алматы облысына жұмыс сапары барысында Талғар ауданы, Биеке батыр мешітінде аудан имамдарына арналған «Уағыз айту әдебі мен мәдениеті» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында ұстаз уағызшының жауапкершілігі, мінбер әдебі, тыңдаушыға әсерлі жеткізу тәсілдері және уағызда шариғи дәлел мен көркем сөз қолданудың маңызы жөнінде кеңінен түсіндірді.
Батыржан Берденұлы имамдарға тәжірибеден алынған мысалдар келтіріп, насихаттың мәні мен рухани әсерін арттыру жолдарын атап өтті. Шара соңында қатысушылар ұстазға өз сауалдарын қойып, пайдалы кеңестер алды.



