preloader

Жаңалықтар

Батыржан Берденұлы шәкірттерге білімнің маңызы туралы тағылымды насихат айтты

Батыржан Берденұлы шәкірттерге білімнің маңызы туралы тағылымды насихат айтты

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Берденұлы Мансұров Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Нұр-Мүбарак» университетінің дайындық курсының шәкірттерімен кездесті.

Кездесу барысында ұстаз білім алудың маңыздылығы, ілім жолындағы сабыр мен табандылық, сондай-ақ алған білімді амалмен ұштастырудың мәні жөнінде тағылымды насихат айтты.

«Ілім – мұсылманның нұры. Білімді адам ғана қоғамға пайда тигізіп, өз орнын таба алады. Сондықтан білім алу – тек міндет емес, Алла алдындағы жауапкершілік», – деді Батыржан Берденұлы өз сөзінде.

Жүздесу соңында шәкірттер ұстазға өз сауалдарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Іс-шара рухани мазмұндағы сұхбатпен жалғасты.