Батыржан Берденұлы Талғар ауданында зиялы қауым және ақсақалдармен кездесті
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Берденұлы Мансұров Алматы облысына жасаған жұмыс сапары аясында Талғар аудандық мәдениет үйінде зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ұстаз қоғамдағы рухани құндылықтарды сақтау, сабырлылық пен парасаттылықты насихаттау, дәстүр мен діннің үйлесімін арттыру тақырыптарында тағылымды ойлар айтты. Сонымен қатар, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен мысалдар келтіріп, бірлік пен татулықтың қоғамдағы рөліне тоқталды. Жиын соңында қатысушылар уағызшыға ризашылықтарын білдіріп, кездесудің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.



