“БИ-ШЕШЕНДЕР, ЖЫРШЫ-ЖЫРАУЛАР СӨЗДЕРІ – ХАЛЫҚТЫҢ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ” ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ
Іле ауданы, М.Түймебаев ауылы, «Исмайл ибн Ибраһим » мешітінің әйел қыздарға арналған сауат-ашу орталығында «Би-шешендер , жыршы-жыраулар сөздері – халықтың тәрбие құралы» атты аудан мешіттері арасында сайыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты ата-бабаларымыздың ұлттық құндылықтар мен ұлт тәрбиесіне қатысты айтылған өнегелі сөздерін жаңғырту, тәрбие құралы екенін көрсету. Байқауға әйел-қыздар жамағаты қатысты. Байқауда қазақтың би-шешендері мен жыраулар поэзиясынан тәлім тәрбиеге қатысты сұрақтар қойылды. Қатысушыларға 1989 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Бес ғасыр жырлайды» атты еңбектен және қазақтың ірі билері мен шешендерінің айтқан өнегелі сөздерінен сұрақтар қойылды. Барлық қатысушылар сұрақтарға Құран аяты мен хадистерден және мақал-мәтелден мысалдар айта отырып жауап берді. Мүбаракқызы Сандуғаш тақырыпқа орай Жамбыл Жабаевтың жыры “Төгейін жырды халқыма”, Жетісу мектебі”Әбдіғалидің термесі” атты жыр-термелерін орындап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, жүлделі І – орын Көкқайнар-2 ауылы, “Сүлейменұлы Зейнолда” мешітінің жамағаты Тынышбай Наргиза 50 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болып марапатталды. ІІ – орын М.Түймебай ауылы “Исмайл ибн Ибраһим” мешітінен Төлеген Қарлығаш 30 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болып марапатталды. Ал жүлделі ІІІ – орын алған М.Түймебаев ауылы “Исмайл ибн Ибраһим ” мешіті Асан Ханшайым 20 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болып марапатталды. Сайысқа қатысқан барлық қатысушыларға сыйлық пен марапат қағазы табысталды. Іс-шараға әділқазылық жасаған Іле ауданы бойынша Әйел-қыздар секторының жауапты маманы Арынова Мариям ұстаз және “Батыр” мешітінің ұстазы Жансая Нұрланқызы.




