preloader

Жаңалықтар

«БІЛӘЛ ИБН РАББАХ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ АТАЛЫП ӨТТІ

«БІЛӘЛ ИБН РАББАХ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ АТАЛЫП ӨТТІ

Алматы облысы, Алатау қаласы, Ынтымақ ықшам ауданы “Биләл ибн Раббах” мешітінде Мұхаммед Пайғамбарымызға ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналған Мәуліт кеші аталып өтті.

Игі шарада Алматы облыстық “ Қапшағай” мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы Пайғамбардың отбасылық мәмлесі жайлы насихат айтса, Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы “Мейірімді болу-бауырмашылық” жайында жиналған жамағатқа насихатын жеткізді.
Мәуліт шарасына арнайы дастархан жайылып, Ынтымақ ықшам ауданының аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеттері үлестірілді.
Кеш сонында Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, ат салысқан барлық жанға ризашылықтарын білдірді.