preloader

Жаңалықтар

БІЛІМ ЖОЛЫНДАҒЫЛАРҒА ЖАСАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

БІЛІМ ЖОЛЫНДАҒЫЛАРҒА ЖАСАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылындағы “Қажы Зұха батыр – Қажы Арслан” мешітінің имамы және Қарасай ауданына зекет және қайырымдылыққа жауапты өкілі Жақсымбет Нұрисламның ұйымдастыруымен қайырымдылық жасалды.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы “Үшқоңыр медресе-колледжі” шәкірттеріне елу қорап жайма наны тарту етілді. Үшқоңыр медресе-колледжі басшылығы аталған іс-шараны ұйымдастырып, жетекшілік еткен Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлына және аудан дін қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Ауқымды қайырымдылық іс-шарасына демеушілік жасаған кәсіпкер азаматтарға аудан бас имамы Дәуренбек Жандосұлы ризашылығын білдіріп кәсіптеріне береке тіледі!