preloader

Жаңалықтар

Білімді ұрпақ – болашақ кепілі

Білімді ұрпақ – болашақ кепілі

Балқаш ауданы, Жиделі ауылы:
Жиделі ауылдық мешітінің имамы Саримбетов Ардақ Жиделі ауылдық орта мектебінің 9, 10 және 11-сынып оқушыларымен «Білімді ұрпақ – болашақ кепілі» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауыл имамы жастарға пайдалы насихаттарын айтып, дұрыс бағыт-бағдар берді. Ол қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын жоққа шығаратын деструктивті діни ағымдардан сақтану жайлы кеңінен түсіндіріп, олардан қорғанудың түрлі әдіс-тәсілдеріне тоқталды.

Сонымен қатар, уақытты тиімді пайдалану, әлеуметтік желіні дұрыс қолдану және кітап оқудың пайдасы туралы маңызды кеңестер берілді. Имам жастарды білімге ұмтылып, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.