preloader

Жаңалықтар

ДІН МЕН ДӘСТҮР — ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖАРШЫСЫ

ДІН МЕН ДӘСТҮР — ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖАРШЫСЫ

2025 жылдың «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып жариялануына орай Балқаш аудандық кітапханасында ерекше мағынаға толы «Дін мен дәстүр» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ауданымыздың орталық «Оспанқожа ата» мешітінің бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы және мекеме қызметкерлері қатысты.

Бас имам қазақтың бай дәстүрі мен ислам дінінің үндестігіне тоқталып, жастарды ата-ананы құрметтеуге, рухани құндылықтарды бағалауға, дін мен дәстүрге деген сүйіспеншілікті арттыруға үндеді. Кездесу әсерлі сұхбат пен тағылымды ойларға толы болды.