preloader

Жаңалықтар

ДІН МЕН ТӘРТІП: ӨКІЛ ИМАМ АЛАТАУ ҚАЛАСЫ МЕШІТТЕРІН АРАЛАДЫ

ДІН МЕН ТӘРТІП: ӨКІЛ ИМАМ АЛАТАУ ҚАЛАСЫ МЕШІТТЕРІН АРАЛАДЫ

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы арнайы іс-сапармен Алатау қаласына келіп, қала аумағындағы мешіттердің жұмыс барысымен танысты.

Іс-сапар аясында облыс бас имамы ықшам аудандардағы мешіттерге бас сұғып, діни нысандардың құжаттандырылуы мен санитарлық-техникалық жағдайына жіті назар аударды.
Мешіттердің ресми құжаттарының заң талаптарына сай рәсімделуі, жер телімдерінің құқықтық мәртебесі мен мешіт қызметінің реттілігі тексеріліп, тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, мешіттер жанындағы кітапханаларда сақталған діни әдебиеттерге сараптама жасалып, тек рұқсат етілген, сенімді діни әдебиеттердің ғана қолданыста болуы қатаң ескертілді. Бас имам күрделі жөндеуді қажет ететін мешіттердің тізімін жасап, олардың әрқайсысына қатысты нақты тапсырмалар берді. Жөндеу жұмыстарының жүйелі жүргізілуі, жамағатқа жайлы жағдай жасалуы басым бағыт ретінде белгіленді. Сапар соңында Мадияр қажы Тағайбайұлы мешіт имамдарымен кездесу өткізіп, қазіргі діни ахуал, жамағатпен жұмыстың тиімді жолдары және жастар тәрбиесі жөнінде бірқатар маңызды мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ, жат діни ағымдарға қарсы күресті күшейтіп, қоғамда дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау қажеттігін баса айтты. Бұл тексеріс Алатау қаласындағы діни мекемелердің жұмысын біріздендіруге және олардың сапалы қызмет көрсетуін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.