ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен игі шара өтті.
“Жылулық сыйла” қайырымдылық жобасы аясында көмекке мұқтаж 10 отбасына 1 тоннадан жылу отыны көмір үлестірілді. Тұрғындар қайырымды жандар мен ұйымдастырушы мешіт қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.



