Еңбекшіқазақ ауданының имамдары Құрбан айтқа дайындықты пысықтады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына сәйкес Құрбан айт мейрамына орай Еңбекшіқазақ аудандық «Имам Мұхаммед» мешітінде арнайы жиын ұйымдастырылды.
Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы Ибрагим Нұрахмедұлының төрағалық етуімен өткен басқосуда ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігі тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы сөз болды.
Аудан бас имамы жергілікті елді мекендердің имамдарына Құрбан айт күндері тәртіпке барынша мән беруге, құрбан шалуға қатысты тиісті ақпараттарды халыққа алдын-ала жеткізуді және осы күндері орын алатын жоспарға сәйкес тыңғылықты жұмыс атқаруды тапсырды.