preloader

Жаңалықтар

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ: ЖАС ОТБАСЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ: ЖАС ОТБАСЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты мешіттерінде «Ислам және отбасы» тақырыбында жас отбасылармен кездесулер өткізілуде.

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Үлкен құндылықтар қамтылған мақалды басшылыққа алған аталарымыз қоғамның тірегі әрбір отбасы екенін бағзыдан біздің санамызға сіңіріп келген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен мешіттерде үлгілі әрі қоғамға пайдасын тигізетін отбасы болу тақырыбында жергілікті имам, молдалар кеңінен насихат жұмыстарын жүргізу қолға алынған. «Осыған орай «Ислам және отбасы» аясында өткізіліп отырған семинар кездесулер халқымыздың отбасы құндылықтарын жаңғыртып, жас отбасыларға насихаттауға бағытталып отыр», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.