ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА “МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы облысы бойынша өкілдігі, Еңбекшіқазақ ауданы “ Мектепке жол” қайырымдылық шарасын өткізді.
Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған “Мекктепке жол” қайырымдылық шарасы барысында аудандағы 100 оқушыға мектепке қажетті оқу жабдықтары салынған сөмке таратылды. Дәптер, қалам, сызғыш және тағы басқа қажеттіліктерге толы жаңа сөмке алған оқушылар мен олардың ата-аналары мешіт қызметкерлеріне және демеушілерге алғыстарын жеткізді.



