preloader

Жаңалықтар

ЕСІК ҚАЛАСЫ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЕСІК ҚАЛАСЫ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында орналасқан «Жетісу заңгерлік колледжінде»  Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Көшеке Ерғали Ахилбекұлы, Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы  студенттермен кездесу өткізді. Студенттерге жаһандану дәуірінде түрлі-түрлі рухани қауіп-қатерлердің бар екендігі оның ішінде дестриуктивті діни ағымның қауіптілігі, еліміздің зайырлы мемлекет екендігі, жат ағымның салдары жайлы сөз қозғалды. Колледж студенттері мен ұзтаздары маңызды ақпарат алып, Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Көшеке Ерғали Ахилбекұлы, Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлына өз алғыстарын жеткізді.