preloader

Жаңалықтар

ХІІІ Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы басталды

ХІІІ Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы басталды

ҚМДБ-ның Алматы облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың қыркүйек айында Павлодар қаласында өтетін ХІІІ Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан байқауға іріктеу сайысы өтуде.

Алланың Кәләмі ардақталған шараның шымылдығын 10 қырағат иесі, Зәйнүл-Абидин қари Абдужаппарұлы Құран аяттарымен ашқаннан кейін, Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы батасын жасады.

Алғы сөзді алған Мадияр қажы Тағайбайұлы шараның маңыздылығына тоқталып, төрешілерге әділдік, ал қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.

Алқалы байқауға ҚМДБ-ның Құран секторының меңгерушісі Серік қари Полатханұлы, Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш қари Тоқсанбайұлы және Абдуғаппар Сманов мешітінің бас имамы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Абдухалық қари Абдумажитұлы сынды білікті дін қызметкерлерінен құрылған қазылар төрелік жасауда.

Серік қари Полатханұлы қатысушыларға байқау ережелерін түсіндіргеннен кейін, шара басталды.