preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫ: 200 БАЛАҒА МЕКТЕП ЖАБДЫҚТАРЫ ҮЛЕСТІРІЛДІ

ІЛЕ АУДАНЫ: 200 БАЛАҒА МЕКТЕП ЖАБДЫҚТАРЫ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Алматы облысы, Іле ауданы “Өтеген батыр” мешітінде аудан имамы Дархан Аманұлының ұйымдастыруымен аудан деңгейінде 200 балаға арналған “Мектепке жол” қайырымдылық шарасы өтті.

Іс-шараға ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Қаби Ринат арнайы қатысты. Жиналған жамағатқа “Мектепке жол” қайырымдылық шарасының мақсатын түсіндіріп, демеушілік көрсеткен жомарт жандарға алғыс айтты. Жаңа оқу жылына дайындық жасап жатқан көп балалы, тұрмыстық жағдайы төмен отбасындағы балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатындағы қайырымдылық шарасына ата-аналар ризалықтарын жеткізді. Аудан деңгейінде жалпы 200 балаға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.