preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: Әйел ұстаздарға арналған жиын өтті

Іле ауданы: Әйел ұстаздарға арналған жиын өтті

Алматы облысы Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде «Имани жаз 2024» сауат ашу курсына байланысты әйел ұстаздарға арналған жиын өтті.

Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы жергілікті әйел ұстаздарға келе жатқан сауат ашу курсының бағыт-бағдарын айқындап, нақты тапсырмалар берді. 

Өз кезегінде аудандық әйел-қыздар секторының жетекшісі Аринова Майгүл ұстаз келбетінің қандай болу керектігін, шәкірттермен қалай қарым-қатынас жасау керектігін еске салып, елді мекендер бойынша жауаптыларды белгіледі.