preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫ: ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫ: ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ

Жылдық жоспар негізінде Алматы облысы Іле ауданына қарасты мешіттердегі әйел ұстаздарға арналған семинар өткізілді.

Бес бағыттың бірі «Ихсан және насихат» бағыты бойынша, жылдық жоспарға сәйкес Іле ауданына қарасты әйел ұстаздарға арналған «Ихсан – әдеп негізі» атты  семинар өткізіліп, көркем мінез бен әдеп тақырыптары жайлы сөз қозғалды. Семинарды Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы жүргізіп, «Ихсан» жайында ұстаздарға үгіт-насихат айтты. Жиын соңында аудан имамы ұстаздарға «Әйел-қыздар» секторының жұмыстарын пысықтап, жеке-жеке тапсырмалар берді.