ІЛЕ АУДАНЫ: ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫНА ФОРУМ ӨТТІ
Алматы облысы, Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен облыс деңгейінде “Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған Аналарымыздың келбеті” атты тақырыбында форум өтті.
Іс-шара қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталды. Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы көпшілікке Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының сәлемін жеткізіп, жамағатты келген ұстаз қонақтармен таныстырды. Алғы сөзді Алматы облысына қарасты «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Нәзерке Әкішқызы “Қазақ даласындағы аналарымыздың бала тәрбиесі” жөнінде сөз қозғады. Алматы қаласының «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Гүлмира Ілесбай “Аналардың даналығы” жайында насихат айтты. Шара соңында әйел жамағаты арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылды.



