preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫ: “ӘКЕМЕ МЫҢ АЛҒЫС” АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫ: “ӘКЕМЕ МЫҢ АЛҒЫС” АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Жәпек батыр ауылы “Маметалы” мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Дін мен Дәстүр» бағытының жылдық жоспарына сәйкес «Әкеме мың алғыс» атты рухани кеш өтті.

Іс-шара  қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталып, Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы әке мәртебесі жайлы уағыз-насихатын айтты.
Жиналған әкелер мен балаларына сұрақ-жауап ойнатылды, әкенің кадір-қасиеті жайында қысқа метражды фильм көрсетілді. Әкелерді ортаға шығарып, балалары әкелеріне жүрегіндегі сезімдерін білдіріп, құшақтап, кешірім сұрап, әсерлі көрініс орын алды. Әкелер (БАТЫР ӘКЕ, ЕҢБЕКҚОР ӘКЕ, БАЛАМ ҚАРИ БОЛСЫН ДЕГЕН ӘКЕ, ЖОМАРТ ӘКЕ, ҚАРИ БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ, МЕШІТКЕ ЖАНАШЫР ӘКЕ, БІЛІМДАР ӘКЕ, КӘСІПКЕР ӘКЕ, ЖАНАШЫР ӘКЕ, МЕШІТКЕ ЖҮРЕГІ БАЙЛАНҒАН ӘКЕ, БІЛІМДІ ҰЛДЫҢ ӘКЕСІ, КӨРКЕМ МІНЕЗДІ ӘКЕ, ҚҰРАН ЖАТТАҒАН ҚАРИ ӘКЕ, ҰСТАЗ ӘКЕ) номинациялар бойынша марапатталды, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Шара соңында көпшілік үшін ақ дастарқан жайылып, әкелерден осы шараның жалғасын жасау туралы үлкен ұсыныс болды. Қатысушылар ұйымдастырушылаға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.