preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: әжелер мектебіне семинар өтті

Іле ауданы: әжелер мектебіне семинар өтті

Алматы облысы, Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің бас имамы Дархан Аманұлының ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының VI Республикалық имамдар форумында қабылданған «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» құжаты бойынша Іле ауданына қарасты әжелер мектебіне тағылымдық семинар өтті.

Семинар барысында «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің наиб имамы Бақбергенов Джанибек құжатты толықтай таныстырып, құдайы ас беру рәсімінде ысырап пен бәсекеге жол бермеу, дастарқан мәзірінің мазмұндық және мәндік жағына мән беру мәселелері кеңінен талқыланды.

Семинарға Мунайм ұстаз да қатысып, әжелерге өз ойын айтып, әр дайым халықтын ортасында әйел кісілерге кітапты насихаттап, ысырапқа жол бермеу жолдарын айттып өтті.