preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫ: «БАЛА ТӘРБИЕСІ – БІР ӨНЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫ: «БАЛА ТӘРБИЕСІ – БІР ӨНЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы, Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде «Бала тәрбиесі – бір өнер» атты жас аналарға арналған тәрбиелік семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинар – тренингті ҚМДБ “Әйел-қыздар” секторы Алматы облысы, Іле ауданы бойынша жауапты маманы Арынова Майгүл және Алматы қаласы “Қалқаман” мешітінің ұстазы Рәзия Темірбаева өткізді. Алғысөз сөйлеген Арынова Майгүл ұстаз бала тәрбиесінің құндылығы туралы айтса, Рәзия ұстаз бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жіберетін қателіктеріне тоқталды. Шара соңында ата-аналар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.