ІЛЕ АУДАНЫ: «ДІН МЕН ДӘСТҮР» ІІІ КІТАБЫ БОЙЫНША САЙЫС ӨТТІ
Іле ауданында «Дін мен дәстүр» кітабының ІІІ томы бойынша сайыс өтті.
Екпінді ауылдық мешітінде облыстық жамағат арасында «Дін мен дәстүр» кітабының ІІІ томы бойынша білім сайыс өтті. Қала, аудан, ауыл мешіттерінен келген мешіт жамағат үміткерлері кітапты толық оқып, соның нәтижесінде 26 үміткер қатысты. Сайыс кітап мазмұнын толық қамтып құрастырылған тест сұрақтары арқылы өтті. Алғы сөзді алған Алматы облыстық мешітінің наиб имамы, өңір бойынша «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты маман Ринат Маратұлы ата дініміз бен салт-дәстүрдің сабақтастығы туралы айтып, жиналған жамағатты кітап оқу әдетін қалыптастыруға шақырды.
Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы қатысушыларға сайыстың шарттарын түсіндіріп, сәттілік тіледі.
Білім жарысы нәтижесі бойынша:
І орынды Жәдігер Ернар Арманұлы шәкірт иеленіп (100 000 тг) ұтып алды.
ІІ орын Дастан Серікұлы (70 000 тг) бұйырса,
ІІІ орынды Қонысбаев Алибек Мақсатұлы (50 000 тг) иеленді.
Сайыс соңында жиналған қауымға бата беріліп, дұға жасалды.