preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы имамдарына «40 хадистен» сайыс өтті

Іле ауданы имамдарына «40 хадистен» сайыс өтті

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы «Д.А.Қонаев» мешітінің ұйымдастыруымен Іле ауданы деңгейінде имамдар арасында «Дін істері жайында 40 хадистің» арабшасын оқып қазақшасын жатқа айту бойынша сайыс өтті.

Алғы сөзді алған Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы қатысушыларға сайыстың шарттарын түсіндіріп, Алматы облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлына сөз берді. Сакен имам имамдарға «Дін істері жайында 40 хадистен» сайыс өтудің жылдық жоспарда бар екенің баяндап, білім алудың маңыздылығы жайлы насихат айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа Іле ауданына қарасты 18 мешіттен дін қызметкерлері қатысты.

Сайыс арабшасын оқып тікелей аударып беру деңгейінде болды.

Нәтижесінде І орынды «Мәметәлі» мешітінің ұстазы Төреханов Мұхамед иеленіп (70 мың теңге), ІІ орын (50 мың теңге) Көккайнар ауылдық №2 мешітінің имамы Нүсіпбеков Еркін, ІІІ орынды (30 мың теңге) «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің наиб имамы Тамашбеков Марсель қанағат тұтты.

Шара соңында арнайы дін қызметкерлеріне дастарқан жайылды.