preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы имамдарының көшпелі жиналысы өтті

Іле ауданы имамдарының көшпелі жиналысы өтті

Берекелі Рамазан айының жақындауына байланысты Іле ауданы Қосөзен ауылдық мешітінде  ауыл имамдарының кезекті көшпелі жиналысы өтті.

Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлының төрағалық етуімен өткен басқосуда ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігі тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы сөз болды.

Сондай-ақ, аудан бас имамы жергілікті елді мекен имамдарына келе жатқан Рамазан айына дайындықты барынша пысықтап, ұлық айда атқарылуы тиіс шараларға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Жиналыс соңында Қосөзен ауылдық мешітінің имамы Медеуов Болаттың шәкірттері дін қызметкерлеріне жаттаған сүрелерін оқып, Рамазанға дайындықтарын көрсетті.

Дархан Аманұлы І орын алған (30 000 тг), ІІ орын алған (20 000 тг) және ІІІ орын алған (10 000 тг) шәкірттерді, өзге де қатысушыларды ақшалай сыйлықтар мен алғыс хатпен марапаттады.

Шара соңында Қосөзен ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай арнайы дастарқан жайылды.