preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫ: “ИСЛАМДАҒЫ ИДЕАЛ ОТБАСЫ” АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫ: “ИСЛАМДАҒЫ ИДЕАЛ ОТБАСЫ” АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Жәпек батыр ауылы «Маметалы» мешітінде аудан деңгейінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында әйел жамағатына «Исламдағы идеал отбасы» атты семинар-тренинг өтті.

Шараға 100-ден аса әйел жамағаты қатысты. Семинар қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталып, «Маметалы» мешітінің бас имамы Пернебекұлы Темірбек келген әйелдер қауымына ақ тілегін айтып, сәттілік тіледі. Іс-шара қонағы Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, Phd доктор «Идеал отбасы» кітабының авторы Шәмшәт Әділбаева идеал отбасы болудың жолдарын айтып, әйелдер жамағатының сұрақтарына жауап берді. Дінімізбен дәстүріміз қатар дәріптеліп, тұсаукесер рәсімі жасалып Шәмшәт Әділбаева сәбидің тұсауын кесіп, батасын берді.  Жиын соныңда әр бір қатысушыға ұстаздың атынан арнайы сертфикат табыс етілді. Ал, «Маметалы» мешітінің бас имамы Пернебекұлы Темірбек Шәмшәт Әділбаева ұстазға арнайы алғыс хат берілді.  Сонымен қатар, ақ жаулықты апаларымыз Шәмшәт Әділбаева ұстазға ақ баталарын беріп, иығына дәстүрге сай шапан жапты.