preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫ: «КӨКПАР» ОЙЫНЫНАН ЖАРЫС ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫ: «КӨКПАР» ОЙЫНЫНАН ЖАРЫС ӨТТІ

Алматы облысы, Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлының ұйымдастыруымен имамдар арасында ұлттық ат спорты «Көкпар» ойынынан жарыс өтті.

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ұйымдастрылған көкпардан сайыс қызықты өтті. Бес бағыттың бірі «Дін мен дәстүр» бойынша атқа міну Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті туралы насихат айтылды. Қазақ атамыз да аттан түспей, текті жылқы жануарын қанат тұтқан. Осынау дәстүрімізді, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатындағы іс-шара жалғасын таппақ.  Жарыс соңында жеңімпаздарға кубок пен сыйлықтар табысталды.