preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: Көшпелі жиналыс өтті

Іле ауданы: Көшпелі жиналыс өтті

Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті Водник ы/а «Арын қажы» мешітінде ауыл имамдарының кезекті көшпелі жиналысы өтті.

Шара шымылдығы қасиетті Құран аяттарымен ашылғаннан кейін Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ҚМДБ тарапынан бекітілген бес бағыт бойынша берген тапсырмаларын дін қызметкерлеріне жеткізіп, табанды әрі жігерлі болуға үндеді.

Жиналыста сондай-ақ дін қызметкерлері мен жамағаттың арақатынасы, мешіттердің тыныс-тіршілігі мен ішкі-сыртқы тәртіптері сияқты мәселелер ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды.