Іле ауданы: Пайғамбарымыз (с.а.с.) туған ай – қасиетті Мәуліт айының құрметіне әйел жамағаты арасында сайыс өтті
Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Түймебай ауылындағы «Исмайл ибн Ибраһим» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне әйел жамағаты арасында «Мінсіз Мұхаммед» атты кітап бойынша сайыс өтті.
Байқауға 30-ға жуық әйел қатысты. Сайыс тест-сұрақтар түрінде ұйымдастырылды.
Алғашқы сөзді Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы алып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жайлы қысқаша насихат айтып, шараның мақсатын түсіндірді және қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар төмендегідей марапатталды:
І орын – Асан Ханшайым (50 000 теңге),
ІІ орын – Қабдолдина Айым (30 000 теңге),
ІІІ орын – Ермахат Әмина (20 000 теңге).
Сайыс барысында қатысушылар Пайғамбарымыздың сүйіп жеген тағамдарын әзірлеп, жамағатқа тарту етті.
Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.



