ІЛЕ АУДАНЫ: ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ
Алматы облысы Іле ауданы М.Түймебай ауылындағы “Исмайл ибн Ибраһим”мешітінің әйел қыздар жамағатына арналған сауат-ашу орталығында “Қазыналы қарттарым аман болсын” атты іс-шара болып өтті.
Іс-шара Құран аяттарымен ашылды. Мешіттің “Әжелер мектебі ” “Қазыналы қарттарым аман болсын” тақырыбы бойынша әңгіме насихат оқып берді. ҚМДБ “Әйел-қыздар” секторы Алматы облысы бойынша жауапты маманы Назерке Әкішқызы және Мінайым апай әсерлі уағыз насихат айтты. Көрермендер арасында ата-ана жайлы Құраннан аят және хадис, мақал-мәтелді жатқа айту айдары болды. Жамағаттағы мұқтаж отбасыларына Қарттар күніне орай азық-түлікпен қайырымдылық сыйы жасалды. Жамағатқа дастархан жасалып, сыйлықтар таратылды.



