preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: Құран жарысы өтті

Іле ауданы: Құран жарысы өтті

Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті Водник ы/а «Арын қажы» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық деңгейде Құран жарысы ұйымдастырылды.

Шара шымылдығы қасиетті Құран аяттарымен ашылғаннан кейін Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы «Құран оқудын артықшылығы» жайында қысқаша уағыз айтып, қатысушы шәкірттерге сәттілік тіледі.

Қасиетті Құранның Дұха сүресінен Нас сүресі аралығында жатқа оқу және қазақша мағынасын айту бойынша өткен сайысқа Алматы қаласы орталық мешітінің ұстазы Қуаныш Тоқсанбайұлы, облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Бағылан Болатбекұлы, аудан бас имамы Дархан Аманұлы, Водник ы/а «Арын қажы» мешітінің ұстазы Хусниддин Бувраев сияқты білікті дін қызметкерлерінен құралған қазылар алғасы төрелік етті.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынды Бағдаулет Талғатұлы иеленіп, ұмраға (кіші қажылыққа) жолдаманы ұтып алды. ІІ орын Юсуф Алимжанұлына (200 000 тг) бұйырса, ІІІ орынды Райымбек Санатұлы (100 000 тг) қанағат тұтты. Бұдан бөлек, Жұмабек Бибарыс және Ахмет Исатайұлына ынталандыру сыйлықтары (20 000 тг) табыс етілді.

Іс-шара соңында қатысушылар мен мешіт жамағаты үшін ақ дастарқан жайылды.