ІЛЕ АУДАНЫ: РАМАЗАН АЙЫ ҚАРСАҢЫНДА “КӘУСАР”ИНТЕРНАТЫНА ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ
ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Қаби Ринат және Іле ауданы бас имамы Дархан Аманұлы қатысқан шарада “Зекет және қайырымдылық” қорының жобалары аясында Алматы облысы, Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлының ұйымдастыруымен Қонаев қаласындағы «Кәусар» интернатына зиярат жасалды.
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында осы жерде оқып жатқан жетім және әлемуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасылардың балаларына ауыз ашар дастарханы жайылып, «Рамазан сыйы» ретінде қаржылай 300 000 теңге көмек табысталды.



