preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫ: “РАМАЗАН СҮЙІНШІСІ” АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫ: “РАМАЗАН СҮЙІНШІСІ” АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА ӨТТІ

ҚМДБ-ның “Зекет және қайырымдылық” қоры, Алматы облысы, Іле ауданы имамдарының ұйымдастыруымен, жомарт жандардың қолдауымен аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде «Рамазан сүйіншісі» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Іс-шара қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталып, Алдажар Сейітұлы батасын берді. Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы жиналған көпшілікке қасиетті Рамазан айымен құттықтап, «Рамазан – мейірім айы, зекет айы» тақырыбында насихат айтты. Қайырымдылық шара барысында жергілікті 18 отбасыға, атап айтқанда көпбалалы және жалғызбасты аналарға, жалдамалы пәтерде тұратын жандарға 50 000 теңгеден «Рамазан сыйы» табысталды.