preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫ: ЗАҒИП ЖАНДАРҒА МӘУЛІТ ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫ: ЗАҒИП ЖАНДАРҒА МӘУЛІТ ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің ұйымдастыруымен ауданға қарасты зағип жандарға арнайы Мәуліт дастарханы жайылып, рухани кеш өтті.

Іс-шара қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталып, Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ыстық сәлемін «Қапшағай» мешітінің наиб имамы әрі ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы облысы бойынша жауапты маманы Ринат Маратұлы көпшілікке жеткізіп, тілегін білдірді. Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы шараның мақсатын түсіндірді. Сондай-ақ мазмұнды әндер мен термелер орындалып,  аудандық мешітінің атынан сыйлықтар табысталды.

Өз кезегінде келген зағип жандардан үлкен кісілер дін қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.