ІЛЕ АУДАНЫ: ЖАМАҒАТҚА “ҚҰРАНҒА ҚҰЛШЫНЫС” АТТЫ РУХАНИ КЕШІ ӨТТІ.
Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Жәпек батыр ауылы “Маметалы” мешітінің ұйымдастыруымен «Ихсан және насихат» бағыты бойынша, әр ай сайын жүйеге қойылған “Құранға құлшыныс” атты рухани кеші өтті.
Шараға белгілі қари – хафиздар шақырылды. Тағлымды жүздесуге 60-тан аса жамағат қатысты. Кеш барысында «Арын қажы» мешітінің ұстазы Бувраев Хусниддин қари және «Маметалы» мешітінің ұстазы Абдушукурұлы Нұриддин қари жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, тәжірибиелерімен бөлісіп, құран жаттаудың маңыздылығын айтты. Сондай-ақ, жақында Алматы облысы деңгейде өткен құран жарыста бас жүлде алған тоғыз жасар Азаматұлы Жүсіп қари әкесімен келіп, құран оқып өзі секілді жас балалардың құран жаттауға деген қызығушылығына себеп болды. Кеш соныңда «Маметалы» мешітінің бас имамы Пернебекұлы Темірбек қариларымызға алғысын айтып, жамағат атынан дәстүрге сай қариларымыздың иықтарына Elzhan.qazaq брендінің керемет кеудешелерін жапты.



