preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: Жамағатқа жат ағымдардың зияны түсіндірілді

Іле ауданы: Жамағатқа жат ағымдардың зияны түсіндірілді

Алматы облысы Іле ауданына қарасты бірқатар мешіттерде «Жат діни ағымнан сақ болайық» атты танымдық шаралар өткізілді.

Батыр ауылдық «Нұр-Ислам» мешітінің имамы Әлішер Төлегенұлы Байсерке ауылдық «Хайыр Ихсан», Боралдай кенті Водник ы/а «Арын қажы», Жәпек батыр ауылдық «Маметалы», Жетіген ауылдық «Қожа Ахмед Яссауи» және Түймебай ауылындағы «Исмайл ибн Ибраһим» құлшылық үйлерінде болып, жергілікті тұрғындарға жат діни ағымдардың зияны туралы айтып, олардың жетегінде кетпеудің және өзіміздің ата дінімізді ұстанудың маңыздылығын түсіндірді.