ІЛЕ АУДАНЫ: «ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық”қоры Алматы облысы өкілдігі Іле ауданында «Жылулық сыйла» қайырымдылық шарасы өтті.
Іле ауданы, Байсерке ауылындағы мешіт имамдары және белсенді жамағаттың ұйымдастыруымен 5 тонна көмір үлестірілді. Арнайы қаптарға салынып дайындалған көмір отыны тізімде тұрған әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға таратылды.
Ұйымдастырушылар бұл атаулы қайырымдылық шарасы Байсерке ауылында қыс мезгілі бойы тұрақты жасалып, көмекке мұқтаж отбасыларына табысталатынын жеткізді.