preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы: Іле ауданында 930 шәкірт «Имани жаз-2025» сауат ашу курсында білім алып жатыр

Алматы облысы: Іле ауданында 930 шәкірт «Имани жаз-2025» сауат ашу курсында білім алып жатыр

Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы ауданға қарасты көп шоғырланған мешіттерің аралап, «Имани жаз-2025» сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттерімен кездесті.

Шәкірттердің білімін тексеріп, сұрақтар қойып және ұстаздарға  шәкірттерді қадағалап, жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуге, дін негіздерін меңгеруге және олардың рухани дүниетанымын кеңейтуге бағыттауға өсиетің айтты.Аудан бойынша жалпы саны 930 шәкірт білім алуда. Оның ішінде 594 ұл бала және 336 қыз бала мешіт жанынан ұйымдастырылған жазғы курстарға қатысып жатыр.

Айдың соңында «Имани жаз-2025» сауат ашу курсын тәмамдап, кейбір мешіттер емтихан болатынын аудан бас имамына жеткізіп, шәкірттерге сертификаттар мен сыйлықтарды табыстауға ұсынды.