preloader

Жаңалықтар

Іле ауданында азаншыларға семинар және сайыс өтті

Іле ауданында азаншыларға семинар және сайыс өтті

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Көккайнар ауылдық №2 мешітінің ұйымдастыруымен аудан деңгейінде «Азаншылар» атты семинар өтті. Семинар аясында Іле ауданына қарасты имамдар арасында азан айту сайысы ұйымдастырылды.

Алғы сөзді алған Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы келген Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Абдуссамад Данияр мен, Алматы облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлын имамдарға таныстырып, Сакен Еншібайұлы Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының сәлемін жеткізіп, азаншыларға семинар өтудің жылдық жоспарда бар екенің баяндады.

Кезекті семинарды Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Абдуссамад Данияр егжей-текжейлі азанның тарихынан бастап жүргізді.

Семинар соңында Іле ауданына қарасты 24 мешіттің 21 мешіттен азаншылар қатысып, өз бақтарын сынады.

Нәтижесінде І орынды «Арын қажы» мешітінен Бувраев Хусниддин иеленіп (70 мың теңге), ІІ орын (50 мың теңге) «Сманқұл» мешітінен Узыханов Серикхан, ІІІ орынды (30 мың теңге) Екпінді ауылдық мешітінен Жарылқасын Жақсылық қанағат тұтты.

Шара соңында арнайы дін қызметкерлеріне дастарқан жайылып, ақсақалдардың батасымен тарады.